Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобын қалыптастыру

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобын қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, атап айтқанда:

- ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;

- ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;

- ҚР Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығымен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар;

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығымен бекітілген газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі бойынша талаптар.

Сонымен қатар, өзгерістерді әзірлеу және талқылау үшін жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша жұмыс тобы құрылатынын хабарлаймыз.

Бұдан басқа, жұмыс тобы лифтілердің, сондай-ақ қызмет ету мерзімі өткен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіштердің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында өзгерістер енгізу жөніндегі мәселелерді қамтитын болады.

Жұмыс тобының құрамына енгізу үшін кандидатуралар комитеттің мекенжайына немесе электрондық мекенжайына жіберілуі мүмкін kpb@emer.kz.

Осыған байланысты жұмыс тобының құрамына енгізу үшін кандидатуралар ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін комитеттің мекенжайына немесе электрондық мекенжайына жазбаша түрде жіберілуі мүмкін kpb@emer.kz.

Осы мәселе бойынша анықтама телефоны – 8 (7172) 27-40-23, Қаржаубаев К.Н.