Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы техникалық реттеу мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Аталған Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес сараптамалық кеңестің құрамына мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі бейінді техникалық комитеттердің, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар енгізілуі мүмкін.
Осыған байланысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамына енгізу үшін кандидатураларды жазбаша түрде комитеттің мекенжайына немесе электрондық мекенжайына жібере аласыз kpb@emer.kz.
Осы мәселе бойынша анықтама телефоны: 8 (7172) 274 023, Қаржаубаев К. Н.