
Газ жарылыстарымен байланысты адамдардың өлімі мен жарақаттану тәуекелдерін төмендету жөніндегі шаралар шеңберінде Нұр-сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің инспекторлары коммуналдық қызметтер мен газ желісі ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп тұрақты негізде газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Алдын алу іс-шаралары барысында 195 Әлеуметтік инфрақұрылым нысандары (кафе, мейрамханалар, донер, асханалар) бойынша аралау жүзеге асырылды, қоғамдық тамақтану және сауда қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.