"MAPS LTD" ЖШС тексеру нәтижелері

"MAPS LTD" ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қызылорда департаментінің инспекторлары ағымдағы жылдың 3-9 тамыз аралығында "MAPS LTD" ЖШС-не тексеру жүргізді.

"MAPS LTD" ЖШС негізгі қызметі жер қойнауын пайдаланушыларға мұнай және газ кен орындарындағы ұңғымаларды жер астында күрделі жөндеу бойынша қызмет көрсету болып табылады.

Тексеру барысында қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғылар тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 10 бұзылуы анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.