
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда департаментінің инспекторлары ағымдағы жылдың 3-19 тамыз аралығында «TechnologyАлемОйл» ЖШС-не тексеру жүргізді.
«TechnologyАлемОйл» ЖШС-нің негізгі қызметі бұрғылау жұмыстарын жүргізу, мұнай және газ кен орындарындағы ұңғымаларды жер астында күрделі жөндеу болып табылады.
Тексеру барысында қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғылар тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 31 бұзылуы анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.