
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлары ағымдағы жылғы 2-20 тамыз аралығында "Ембаведьойл" ЖШС-не тексеру жүргізді.
"Ембаведьойл" ЖШС-нің негізгі қызметі мұнай кен орнын барлау, игеру және пайдалану, көмірсутек шикізатын өндіру, тасымалдау, экспорттау және маркетинг болып табылады.
Тексеру барысында қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғылар тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.