
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау департаментінің инспекторлары ағымдағы жылғы 4-18 тамыз аралығында "ЗаманЭнерго" ЖШС-не тексеру жүргізді.
Тексеру барысында қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғылар тексерілді, төсем бойынша бұрғылау қондырғысының қабылдау көпірінің ені 2 метрден кем сияқты өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 43 бұзылуы анықталды, бұрғылау қондырғылары бұрғылау ерітіндісінің тұйық циркуляциялық жүйесімен, сарқынды суларды және шламды жинау жүйесімен қамтамасыз етілмеген.
Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.