
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлары ағымдағы жылғы 2-19 тамыз аралығында "Каспиан Девелопмент Кампани Сервисез" ЖШС-не тексеру жүргізді.
"Каспиан Девелопмент Кампани Сервисез" ЖШС негізгі қызметі жүк көтерімділігі үлкен крандарды жалға алу болып табылады. Кәсіпорын 26 кранға және 105-тен астам адамнан тұратын жұмысшылар штатына ие.
Тексеру барысында қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғылар тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.