
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау департаментінің инспекторлары ағымдағы жылдың 2-19 тамыз аралығында "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС-не тексеру жүргізді.
"ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС-нің негізгі қызметі көлік құралдарының иелеріне және оларды отын ретінде пайдаланатын басқа да тұтынушыларға Сығылған, сұйытылған табиғи газды, көмірсутекті газды өткізу; магистральдық құбыржолдары мен газ тарату жүйелері объектілерін салу, оларға қызмет көрсету, жөндеу үшін көлік құралдарын, мамандандырылған техниканы, жабдықтар мен механизмдерді жалға беру қызметтері; магистральдық құбыржолдары мен газ тарату жүйелері объектілерінде жұмыстарды орындау үшін көлікпен жолаушылар және жүк тасымалдау болып табылады; елді мекендерден тыс магистральдық құбырлар мен газ тарату жүйелері объектілерінде Жолдар салу.
Тексеру барысында қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғылар тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.