Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жасау кезінде планшеттерді қолдану практикасы

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жасау кезінде планшеттерді қолдану практикасы

Өткен жылы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық істерді рәсімдеуді сынақтан өткізе бастады. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді планшеттер арқылы ресімдеуге мүмкіндік берді. Әрбір инспектордың өз логині бар, планшеттер онлайн түрде әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне енгізіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық істерді ресімдеу тәжірибесі өзін жақсы жағынан көрсетті. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің барлық аумақтық департаменттері қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді ресімдеу үшін планшеттерді пайдалану жұмсалатын уақытты 5-7 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.