
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қостанай департаментінің инспекторлары ағымдағы жылғы 5-16 тамыз аралығында "Қазақстан темір жолы "Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамының - "Магистральдық желінің Қостанай бөлімшесі" филиалына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында 76 объект (қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғылар) тексерілді, 26 өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылық анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.