"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормалары туралы жеке құраммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормалары туралы жеке құраммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

"Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штат санының лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 шілдедегі № 633 Жарлығына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің оқыту кестесіне сәйкес, "мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын түсіндіру, мемлекеттік қызметшілерді қысқартуды өткізудің тәртібі мен шарттары туралы кеңес өткізілді.

Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік органның ішінде басқару құрылымы өзгерген жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметші бұрын атқарған лауазымына тең, бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін лауазымға тағайындалады деп түсіндірілді. Тең дәрежелі лауазым болмаған жағдайда, мемлекеттік әкімшілік қызметшіге ол белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда өзге лауазым ұсынылуы мүмкін. Мемлекеттік әкімшілік қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда, ол қызметтен шығарылуға жатады.

Қосымша, қызметкерлерге жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеуді көздейтін нормалар, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес қысқартуға жатпайтын адамдар бойынша түсініктемелер берілді.