
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау департаментінің инспекторлары ағымдағы жылдың 3-16 тамыз аралығында "Тұлпар Мұнай Сервис" ЖШС-не тексеру жүргізді.
Тексеру барысында қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғылар зерттелді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 33 бұзылуы анықталды, мысалы, құралдардың, құрылғылар мен материалдардың авариялық қорымен жабдықталмауы, бұрғылау қондырғыларында биіктікті бақылау жүйелері мен қабылдау көпірінің болмауы.
Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.