"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасын тексеру нәтижесі

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасын тексеру нәтижесі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды департаментінің инспекторлық құрамы ағымдағы жылғы 23 шілде мен 12 тамыз аралығында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасына тексеру жүргізді.

Жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасының негізгі қызметі технологиялық, механикалық жабдықтардың жұмыс істеп тұрған және жаңадан салынып жатқан объектілерін күрделі жөндеу, монтаждау немесе демонтаждау, реконструкциялау, жаңғырту; монтаждау-дайындау учаскесі жағдайында механикалық өңдеуді талап ететін стандартты емес металл конструкциялар мен бұйымдарды дайындау.

Тексеру барысында қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғылар тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзушылықтары анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.