
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында әріптестер арасында тәжірибе алмасу әдістері енгізілді.
Ағымдағы жылғы 9-13 тамыз аралығында Нұр-сұлтан қаласына Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар мен магистральдық құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы жіберілді.
Бірлескен жұмыс барысында газбен жабдықтау жүйесі саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Осы бағытта болашақта газбен жабдықтау жүйелері объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін жақсартуға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстар берілді.
Жалпы жұмыстың бұл әдісі қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған, бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кәсіби қызметті тиімді орындауға мүмкіндік береді.