
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 12 тамыздағы №297 бұйрығымен Атырау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы болып Мырзағалиев Дәулет Әмірханұлы тағайындалды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Самат Қосайұлы Қазақбаев жаңа басшыны қызметке тағайындалуымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
Сонымен қатар, Департамент ұжымы жаңа басшыны шын жүректен құттықтап, ел мен халықтың игілігі үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мақсатты жұмыстарға табыс тіледі.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Мырзағалиев Дәулет Әмірханұлы Атырау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды.