
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің инспекторлары ағымдағы жылғы 11-12 тамыз аралығында прекурсорлардың сақтау орындарына (қоймаларына) тексеру жүргізді.
Тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 5 бұзылуы анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды. "SBK Company" ЖШС қатысты жіберілген бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік айыппұл салынды.