
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің инспекторлары "Автогаз Трэйд"ЖШС БҒС-да оқу дабылын және аварияға қарсы жаттығуды өткізуге қатысты.
Дабыл жүргізу барысында авариялық-құтқару қызметі персоналының, бөлімшелерінің іс-қимылдары, авария кезінде пайдалануға жататын техникалық құралдардың жай-күйі, олардың дұрыс қолданылуы, қосалқы шығу жолдарының жай-күйі бағаланды. Оқу дабылы аяқталғаннан кейін қорытынды нәтижелер шығарылды.