
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің инспекторлары ағымдағы жылдың 10-12 тамыз аралығында "Жетісу газ құбыры" ЖШС газбен жабдықтау жүйесін тексерді.
Тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 10 бұзылуы анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды. "Жетісу газ құбыры" ЖШС-не қатысты жол берілген бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік айыппұл салынды.