"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жыланды" кенішін тексеру нәтижесі

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жыланды" кенішін тексеру нәтижесі

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық сотының ағымдағы жылғы 11 тамыздағы №3523-21-00-3/511 шешімімен, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің анықталған бұзушылықтарды жою туралы бұрын берілген нұсқаманы орындамағаны үшін 1 млн.458 мың 500 теңге сомасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының үшінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қарағанды департаментінің инспекторлары "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жыланды"кенішінде Ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 504 бұзылуы анықталды (269 өрескел, 225 елеулі және 10 болмашы).

Ағымдағы жылғы 1-15 шілде аралығында бұрын берілген нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның барысында 504 бұзушылық пунктінің 34 бұзушылық жойылмағандығы анықталды.