Инспекторлық құрам арасында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің нормаларын түсіндіру

Инспекторлық құрам арасында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің нормаларын түсіндіру

Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің күшіне енуіне, сондай-ақ "Е-өтініш" ақпараттық жүйесінің іске қосылуына байланысты, Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Департаментімен өз қызметкерлері арасында Кодекс нормаларының іс-әрекеттері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Департамент қызметкерлеріне кодекс нормалары әкімшілік орган (лауазымды тұлға) мен өзіне қатысты әкімшілік органның заңда белгіленген жария функциялары іске асырылатын тұлға арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталғаны түсіндірілді.

Осы қатынастарды реттеу сыртқы әкімшілік рәсімдермен, сондай-ақ әкімшілік сот процесімен (егер мемлекет пен адам немесе ұйым арасында жария-құқықтық дау болса) белгіленеді. Кодекс Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелмеген бөлігіндегі нормаларды реттейді. Қалған жағдайларда Кодекстің әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру бөлігіндегі талаптарын сақтау әкімшілік органдар үшін бұл салалық (арнайы) заңнамамен реттелмеген бөлігінде міндетті.

Сонымен қатар, Кодекстің ережелерін қамтамасыз ету мақсатында Департамент қызметкерлері "Е-өтініш" ақпараттық жүйесінің жұмысымен, оның жұмысында іркілістер болған жағдайда іс-қимыл алгоритмімен, сондай-ақ кодекстің жекелеген нормаларын, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы қолдану бойынша талдаумен танысты.