
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлық құрамы ағымдағы жылдың 12 шілдесі мен 2 тамызы аралығында "Саренс Қазақстан" ЖШС тексеру жүргізді.
"Саренс Қазақстан" ЖШС Жүк көтергіш механизмдермен құрылыс нысандарына қызмет көрсету бойынша мұнай сервисі саласында қызмет көрсетуге маманданған. Өзінің Жеке автокөлік паркі бар, ол әр түрлі жүк көтергіштігі 80-ден 500 тоннаға дейінгі 75 жүк көтергіш механизмдерден, сондай-ақ жабдықтың қосалқы бөлшектері қоймасы бар өндірістік базадан тұрады.
Тексеру барысында "Саренс Қазақстан" ЖШС қауіпті техникалық құрылғылары тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.