"Модернстрой-Атырау" ЖШС тексеру нәтижелері

"Модернстрой-Атырау" ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлық құрамы ағымдағы жылғы 12 шілде мен 2 тамыз аралығында "Модернстрой-Атырау" ЖШС-не тексеру жүргізді.

"Модернстрой-Атырау" ЖШС Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға мемлекеттік лицензияға ие. Бүгінгі таңда өз қызметінде ең инновациялық технологиялар мен материалдарды пайдалана отырып, сапалы жобаларды, Қолжетімді тұрғын үй мен тамаша коммерциялық жылжымайтын мүлікті іске асыра отырып, Қазақстанның "үздік" құрылыс компанияларының санатына кіреді. Компания Атырау қаласының, сондай-ақ жалпы республиканың құрылыс индустриясына үлкен үлес қосты.

Тексеру барысында "Модернстрой-Атырау" ЖШС қауіпті техникалық құрылғылары тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.