
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қызылорда департаментінің инспекторлық құрамы ағымдағы жылғы 8-26 шілде аралығында "Көлжан" ЖШС-мен тексеру жүргізді.
"Көлжан" ЖШС-нің негізгі қызметі кен орындарын барлау, игеру және пайдалану, сондай-ақ көмірсутек шикізаты мен оны қайта өңдеу өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және сату бойынша жұмыстарды орындау болып табылады.
Кәсіпорынның балансында "Солтүстік-Батыс Қызылқия" кен орнындағы ұңғымалар, топтық қондырғылар, блоктық-топтық сорғы станциялары, су тарату пункттері, Департаментте есепте тұрған өлшеу қондырғылары бар.
Тексеру барысында "Көлжан" ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғылары тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 29 жағдайы анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.