«Ривал Эквипмент Сервисиз» ЖШС тексеру нәтижелері

«Ривал Эквипмент Сервисиз» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлық құрамы ағымдағы жылғы 12-27 шілде аралығында «Ривал Эквипмент Сервисиз» ЖШС-не тексеру жүргізді.

«Ривал Эквипмент Сервисиз» ЖШС негізгі қызметі арнайы техниканы жалға алу, сату, сервистік қызмет көрсету, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау бойынша қызметтер көрсету болып табылады.

Тексеру барысында «Ривал Эквипмент Сервисиз» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғылары тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.