
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қызылорда департаментінің инспекторлық құрамы ағымдағы жылғы 14-23 шілде аралығында "Бурение и К" ЖШС тексеру жүргізді.
"Бурение и К" ЖШС негізгі қызметі жер қойнауын пайдаланушыларға бұрғылау жұмыстарын жүргізу және мұнай және газ кен орындарында ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша қызметтер көрсету болып табылады.
Тексеру барысында "Бурение и К" ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғылары тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 28 жағдайы анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.