Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысын құрметті демалысқа шығарып салу

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысын құрметті демалысқа шығарып салу

Ағымдағы жылдың 29 маусымында Атырау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің ұжымы өзінің басшысы - Жалғас Матешұлы Дүйсенғалиев құрметті демалысқа шығарып салды.

Салтанатты жиналыста өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы - Мақажанов Нығмеджан Қойшыбайұлы және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы - Битаев Сәбит Кенжеханұлы құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ, Департамент ұжымы оны құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, зор денсаулық, көп қуаныш, достары мен жақындарының назарын, бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді.

Дүйсенғалиев Жалғас Матешұлы Атырау қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Жоғары білім алып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп, экономиканың түрлі салаларында табысты еңбек етті. Кәсібилігінің арқасында, еңбек тәжірибесімен, мұқияттылығымен және жауапкершілігімен үйлесіп, облыстық мәслихаттың хатшысы болып жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланды, өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысты.

Сіңірген еңбегі үшін "Құрмет" орденімен, "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл", "Астанаға 10 жыл" және т. б. медальдармен марапатталған.

Басшы лауазымында болған жылдары ұжымның қалыптасуына үлкен үлес қосты.