«Атыраугидрогеология» ЖШС тексеру нәтижелері

«Атыраугидрогеология» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлық құрамы ағымдағы жылғы 7-26 шілде аралығында "Атыраугидрогеология"ЖШС-мен тексеру жүргізді.

"Атыраугидрогеология" ЖШС гидрогеологиялық жұмыстарды орындауда 50 жылдан астам тәжірибесі бар, сондай-ақ 40 жылдан астам жер асты суларының мемлекеттік мониторингі бағдарламасының жауапты орындаушысы бола отырып, жер асты суларының мониторингі бойынша жұмыстардың үлкен көлемін жүзеге асырады.

Компания гидрогеологиялық жұмыстардың барлық кешенін жүзеге асырады, соның ішінде жобалау, жер асты суларының қорларын бағалай отырып, геологиялық есеп жасау, бұрғылау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды орындау. Бұдан басқа, газ бен мұнайға Ұңғымаларды бұрғылау, ұңғымаларды жерасты (күрделі, ағымдағы) жөндеу, медициналық мекемелерге емдік балшықты жеткізу бойынша қызмет жүзеге асырылады.

"Атыраугидрогеология" ЖШС өз арсеналында бұрғылау және арнайы техниканың жеткілікті паркі бар, құбыр өнімдерін, сүзгілерді, ұңғымалардың бастарын дайындау және техниканы жөндеу жөніндегі механикалық шеберханасы бар.

Тексеру барысында "Атыраугидрогеология"ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғылары тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 6 бұзылуы анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.