
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлық құрамы ағымдағы жылғы 7-26 шілде аралығында "Светланд-Ойл" ЖШС-не тексеру жүргізді.
"Светланд-Ойл" ЖШС-нің негізгі қызметі Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы "Октябрьское" мұнай кен орнын игеру болып табылады. Кәсіпорын алғашқы мұнайды 1993 жылдың мамыр айында алды. Бұдан әрі кәсіпорын Қазақстан Республикасының мұнай-газ нарығында қиындықтарды еңсере отырып, белсенді түрде дамыды және табысты орнықты.
Өндірілетін мұнай "Ембімұнайгаз" АҚ "Жайықмұнайгаз" МГӨБ мұнай дайындау қондырғысы арқылы құбыр жүйесіне одан әрі айдау үшін "Забурунье"мұнай жинау пунктіне тасымалданады.
Тексеру барысында "Светланд-Ойл"ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғылары тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының оннан астам бұзылуы анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.