«Төбеарал Ойл» ЖШС тексеру нәтижелері

«Төбеарал Ойл» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлық құрамы ағымдағы жылғы 7-27 шілде аралығында «Төбеарал Ойл» ЖШС-мен тексеру жүргізді.

«Төбеарал Ойл» ЖШС-нің негізгі қызметі «Төбеарал» кен орнында көмірсутек шикізатын өндіру болып табылады. Кен орны Құрманғазы аудан орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым және Атырау қаласынан батысқа қарай 220 шақырым жерде орналасқан.

Қолданыстағы ұңғымалар қоры 26 бірлікті құрайды. Өндірілетін мұнай «Ембімұнайгаз» АҚ «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-сы арқылы құбыр жүйесіне одан әрі айдау үшін «Забурунье» мұнай жинау пунктіне дейін тасымалданады.

Тексеру барысында «Төбеарал Ойл»ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғылары тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының оннан астам бұзылуы анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады