«Сыбайлас жемқорлық – бала көзімен»

«Сыбайлас жемқорлық – бала көзімен»

Ағымдағы жылдың 23 маусым күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы Рахман Амангелдіұлы Қалиевтің төрағалығымен «23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне» орай және «Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес Департамент қызметкерлерінің отбасы мүшелерімен «Сыбайлас жемқорлық – бала көзімен» тақырыбында ашық есік күні өтті.

Ашық есіктің негізгі мақсаты қызметкерлердің отбасы мүшелеріне қандай қызметпен айналысатындығы, негізгі қызметінің бағыты қандай екендігін түсіндіру. Мемлекеттік қызметшінің қызмет атқаруы барысында ең басты ұстанатын қағидасы – «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және өз еңбегін адал атқару».

Осыған орай «Сыбайлас жемқорлық – бала көзімен» тақырыбы аясында қызметкер балаларының сыбайлас жемқорлыққа деген көз қарасының қандай екендігін, жалпы сыбайлас жемқорлық ұғымының не екенін арнайы бейнероликтер көрсету арқылы түсіндіріп, балалар арасында сурет байқауын ұйымдастырды.

Шараға арнайы қонақ болып Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы ақпараттық ағарту штабының жетекшісі Ағлен Таласбаева және «Маңғыстау адалдық алаңы» жобалық кеңесінің үйлестірушісі Арайлым Шамшадинова қатысты.

Өз кезегінде Ағлен Таласбаева балалардың салған суреттеріне баға бере отырып, өз тарапынан «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің отбасынан бастау алатындығының маңыздылығын яғни, балаға кішкентай кезінен адалдық пен арамдықтың ара-жігін ажырата білу керек екендігін түсіндірді».

Ал, «Маңғыстау адалдық алаңы» жобалық кеңесінің үйлестірушісі Арайлым Шамшадинова - «Сыбайлас жемқорлықпен күрес әр бір азаматтың Отан алдындағы үлкен міндет екендігін, сонымен қатар балалардың салған суреттеріне қарай отырып, олардың өзіндік тұлға болып, тақырып аясында өз ойларын толыққанды жеткізе білгендігін ерекше атап өтті».

Шараның соңына орай Департамент басшысы Рахман Амангелдіұлы Қалиев ашық есігіміздің ең басты қонақтары болған Департамент қызметкерлерінің балаларына өзінің ыстық ықыласы мен ерекше алғысын білдіре отырып, жиынға қатысушы балаларды Департамент атынан «Алғыс хатпен» марапаттады.