
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мұнай-газ өнеркәсібін және жару жұмыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары 2021 жылдың 7 мен 25 маусым аралығында 2021 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулердің кестесіне сәйкес «Шлюмберже Лоджелко Инк.» компаниясының ҚР-ғы филиалының Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында орналасқан қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына (геофизикалық жабдықтар, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, жарылғыш материалдар мен иондаушы сәулелену көздерінің қоймалары) тексеру жүргізілді.
«Шлюмберже» (Schlumberger) компаниясы қойнауқатты кешенді бағалау, ұңғымалар салу, көмірсутектерді өндіру мен өңдеуді басқару үшін технологиялардың әлемдік жеткізушісі болып табылады.
Компания әлемнің 120-дан астам елінде жұмыс істейді және 170-тен астам ұлттың 105 000-ға жуық қызметкері бар.
«Шлюмберже» геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуден бастап өндіруді басқаруға дейінгі өнімдер мен қызметтердің ең кең спектрін, сондай - ақ көмірсутектерді өндіруді оңтайландыру және кен орнын тиімді пайдалану үшін резервуардан құбырға дейінгі бүкіл өндірістік циклды қамтитын кешенді шешімдерді ұсынады.
25 жылдан астам жұмыс тарихында компания өз клиенттеріне сапалы және уақтылы қызмет көрсетуді ұзақ мерзімді қолдауды қамтамасыз ету үшін кешенді тәуелсіз кәсіпорын бола алды.
«Шлюмберже» компаниясының даму Тұжырымдамасы мұнай-газ саласының барлық қатысушыларының: өндіруші компаниялардың, ғылыми қоғамдастықтың, білім беру және мемлекеттік мекемелердің басым серіктесі болуға негізделеді. Осы мақсатқа қол жеткізу белсенді ынтымақтастық және инфрақұрылым мен экономиканың орнықты дамуына өз үлесін қосу арқылы іске асырылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіп салаларындағы мемлекеттік қадағалау органдарының бақылауындағы объектілерде жарылғыш материалдардың және радиоактивті заттардың айналымы кезінде және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша белгіленген міндетті қауіпсіздік талаптардың оннан астам бұзушылықтары анықталып, оларды жоюға ұйғарылды.
«Шлюмберже Лоджелко Инк.» компаниясының ҚР-да филиалын тексеру қорытындысы бойынша тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды, ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі, 297-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғау және қысқартылған өндіріс тәртібінде екі айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану арқылы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.