«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы Көмір департаментінің «Шығыс» ОБФ жүргізілген ерекше тәртіп бойынша тексеру нәтижелері туралы

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы Көмір департаментінің «Шығыс» ОБФ жүргізілген ерекше тәртіп бойынша тексеру нәтижелері туралы

«Шығыс» орталық байыту фабрикасы Қарағанды қаласынан 30 км қашықтықта орналасқан. 1980 жылы пайдалануға берілді.

«Шығыс» ОБФ - Қазақстанның көмір өңдеу өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарының бірі. Оның негізгі мақсаты – Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында өндірілетін көмірдің күлі жоғары, байытылуы қиын маркаларын байыту. Кәсіпорын «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының металлургия комбинаты, сондай-ақ Ресей мен Украина кәсіпорындары үшін көмір концентратын шығарады. Фабрика аумағында 10 Өндірістік корпус және ӘТК ғимараты орналасқан. ОБФ «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының Көмір департаментінің құрамына кіреді. Қазіргі уақытта «Шығыс» ОБФ-да 524 қызметкер жұмыс істейді.

ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 7 маусым мен 25 маусым аралығында «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының көмір департаменті «Шығыс» ОБФ-да өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргізді (2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тексеру кестесіне сәйкес).

Ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 129 бұзылуы анықталды. Бұзушылықтардың негізгі бөлігі ғимараттар мен технологиялық құрылыстарды күтіп ұстауға және уақтылы жөндеуге, ғимараттардағы, технологиялық құрылыстардағы аспирация жүйелерінің жай-күйіне, электр жабдығын пайдалануға және өртке қарсы қорғау жай-күйіне келеді.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін «Кептіру» цехында 12.0 белгісінде кептіру барабанын пайдалануды және жыныс үйінділерінде пайдалану мен жұмыстарын жүргізуге тоқтата тұру туралы акт жасалып, Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды.

Жүргізілген ерекше тәртіп бойынша тексеру нәтижелері бойынша «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының заңды тұлғасына өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген нұсқама берілді. «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабының 1-бөлігіне сәйкес жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша белгіленген талаптарды бұзғаны үшін 100 АЕК және 298-бабының 3-бөлігі бойынша инцидент фактісін жасырғаны үшін 200 АЕК әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті №2 көмір өнеркәсібінде мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы      В.Н.Рязанцев