Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне ықтимал зиян келтіруді алдын алу

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңды және жеке тұлғалардың  заңды мүдделеріне  ықтимал зиян келтіруді  алдын алу

Қазақстан Республикасы Төтенше Жағдайлар Министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Қазандық және газ шаруашылықтары объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің мамандарының қауіпті өндірістік объектелердегі қадағалау қызметі нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау негізінде Ерекше тәртіп бойынша «Автогаз Трейд» ЖШС-нің автомобильге газ құю станциялары тексерілді. Тексеріс барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзумен қолданылған объектілер анықталды. Оларға сәйкесінше Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шаралар қолданылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының сот ғимаратынының жанында және адамдар көп жиналатын орындарға тікелей жақын орналасқан автомобильге газ құю станцияларына демонтаж жасалынды. Адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру мүмкіндігінің алдын алды.