Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының 6 тармағын орындау мақсатында Департаментте 2021 жылдың 24 маусымында, Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, сонымен қатар 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының нормалары түсіндірілді.
Кіріспе сөзбен Департамент басшысы Д.О.Тлеубаев сөз сөйледі және көтергіш құрылыстарды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы М.О.Тұяқбаевтың Департаментте жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының негізгі ережелері талқыланды, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру сұрақтары бойынша құқықтық нормативтік актілерге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар егжей-тегжейлі қозғалды.
Әр мемлекеттік қызметші өзінің қызметтік функцияларын орындау барысында, Қазақстан Республикасының заңдарын толық және қатаң сақтай отырып атқару керектігіне ерекше назар бөлінді.
Баяндамашыларды тыңдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау туралы туындағын сұрақтар бойынша талқылау өтті.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.