«Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясының Атырау филиалына қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

«Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясының Атырау филиалына қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мұнай-газ өнеркәсібін және жару жұмыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары 2021 жылдың 7 мен 23 маусым аралығында 2021 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулердің кестесіне сәйкес Атырау облысының Жылыой ауданындағы Қаратайқыз, Әлімбай және Мақат ауданындағы Бесболек кен орындарында, Қарсақ МТЖП орналасқан «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясы Атырау филиалының қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

«Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясы - шикі мұнай өндірумен айналысатын шетелдік компания. Құрылтайшысы - Голландияның "Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В." компаниясы. Компания өзінің өндірістік қызметін Атырау облысы аумағындағы Бесбөлек, Қаратайқыз және Әлімбай кен орындарының барлау алаңшаларын игеруге бағыштаған. Кен орындарда мұнай өндіру және дайындау, бұрын бұрғыланған ұңгымалар жөндеуден өткізілуде.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарының он бұзушылық анықталды, оның ішінде «Азаматтық қорғау туралы» ҚРЗ ережелері, өнеркәсіптің мұнай және газ салаларындағы қауіпті өндірістік объектілері үшін, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қағидаларының талаптары сақталмаған.

«Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясының Атырау филиалын тексеру қорытындысы бойынша тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды, ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және қысқартылған өндіріс тәртібінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.