«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» магистралды газ құбырлары басқармасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» магистралды газ құбырлары басқармасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібіндегі және магистральдық құбырлардағы мемлекеттік қадағалау бөлімімен 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» магистралды газ құбырлары басқармасына (бұдан әрі - «Ақтөбе» МГҚБ) қатысты тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауы тұрғысынан 2021 жылғы 28 мамырдан бастап 17 маусымға дейін ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ құрылған күні - 1997 жылдың 17 шілдесі. Өндірісте жұмыс істейтін «Ақтөбе» МГҚБ қызметкерлерінің саны 1266 адамды құрайды.

«Ақтөбе» МГҚБ құрамына магистральдық газ құбырларының төрт желілік-өндірістік басқармасы кіреді: Арал, Шалқар, Краснооктябрь және Жаңажол.

Арал желілік-өндірістік басқармасы «Ақтөбе» МГҚБ өндірістік бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының учаскесін, КС-10, КС-11 (консервацияда), «Бозой» КС-1, «Үстірт» КС-1А компрессорлық станцияларын және «Бозой» жерасты газ қоймасы пайдаланатын.

Шалқар желілік-өндірістік басқармасы «Бұхара-Орал», «Қожасай – КС-12» магистральдық газ құбырларының учаскесін және КС-12, КС-13, «Кожасай» компрессорлық және газ тарату станцияларын пайдаланатын «Ақтөбе» МГҚБ өндірістік бөлімшесі болып табылады.

Краснооктябрь желілік-өндірістік басқармасы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының учаскесін және КС-14 компрессорлық және газ тарату станцияларын пайдаланатын «Ақтөбе» МГҚБ өндірістік бөлімшесі.

Жанажол желілік-өндірістік басқармасы «Жанажол-Ақтөбе», «Жанажол – КС-13» магистральдық газ құбырларының және газ тарату станцияларын пайдаланатын «Ақтөбе» МГҚБ өндірістік бөлімшесі.

Тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 31 бұзушылықтары анықталды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 1-тармағына сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Жол берілген бұзушылықтар үшін заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 298-бабының 1-тармағына, сәйкес қысқартылған өндіріс тәртібімен жалпы сомасы 145 850 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды