
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің тексеру парақтарына және Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес бекітілген жартыжылдық тексеру кестесінің негізінде 2021 жылдың 1-21 маусым аралығында «Линде Газ Казахстан» ЖШС ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.
Тексеру объектісі қауіпті өндірістік объектілер және техникалық құрылғылар болды: №1,2 ауа бөлу қондырғысы, компрессорлар, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, жүк көтергіш механизмдер.
Тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзушылықтары анықталды, атап айтқанда: "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 2021 жылғы 01 сәуірдегі № 26-VII өзгерістерге, "ЛиндеГаз Қазақстан" ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріндегі өндірістік бақылау туралы Ережеге сәйкес, "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау" Заңының 40-бабының 2,3,4,5-тармақтарына сәйкес тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізілмеген»; өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшыларын даярлауды, қайта даярлауды және білімін тексеруді қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақталмайды; көтергіштердің шекті жүгін шектегішті бақылау жүгімен сынау жүргізілмейді.
Тексеру нәтижесі бойынша «Линде Газ Казахстан» ЖШС -на тексеру нәтижесі туралы акті мен бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген нұсқама берілді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 1 т. 298 бабына сәйкес заңды тұлға «Линде Газ Казахстан» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.