
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мұнай-химия және мұнай-газ өңдеу өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары 2021 жылдың 04 және 21 маусым аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулердің жартыжылдық кестесіне сәйкес «Батыс Мұнай Транс» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеріс жүргізді.
«Батыс Мұнай Транс» ЖШС Атырау облысы, Мақат ауданы Доссор кентіндегі өндірістік аймақ аумағында, темір жол тұйығына жақын жерде орналасқан.
«Батыс Мұнай Транс» ЖШС қызметінің негізгі түрі, теміржол және автомобиль эстакадаларында мұнай өнімдері бар теміржол және автомобиль цистерналарын қабылдау, мұнай өнімдерін резервуарларда сақтау және құбыр жолдары арқылы автомобиль және т/ж цистерналарына айдау болып табылады.
Тексеру барысында мемлекеттік инспекторлар мынадай қауіпті өндірістік объектілерді тексерді: теміржол және автоэстакада, мұнай өнімдерін айдау жөніндегі сорғы станциясы, технологиялық құбырлар, резервуарлық парк.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптары сақталмаған.
Бұзушылықтар бойынша «Батыс Мұнай Транс» ЖШС-не тексеру нәтижелері туралы акт, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғау туралы хаттама толтырылып, қысқартылған өндіріс тәртібімен әкімшілік айыппұл салынды.