
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің химия, мұнайхимия өнеркәсібінде мемлекеттік қадағалау бөлімінің мамандарымен «Рудненский водоканал» ЖШС 2020 жылғы 25 маусым мен 09 шілде аралығында жүргізілген ерекше тәртіп бойынша тексеру кезінде орнатылған, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында анықталған, өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс бақылау тексеруі жүргізілді.
Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында анықталған, өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс бақылау тексеруін жүргізу барысында барлық өрескел бұзушылықтардың мерзімінде және толық көлемде жойылғандығы анықталды.