ҚР ТЖМ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

ҚР ТЖМ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

2021 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жеке құрамымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары С. Қазақбаевтың қатысуымен, 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Баршамызға ортақ іс» тақырыбында семинар-жиналыс өткізілді.

Семинар отырысын Департамент басшысы Т. Байзақов ашты және  Қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылыстар объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы С. Усербаев «Баршамызға ортақ іс» тақырыбында баяндама жасады. Семинар отырысын Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары С. Қазақбаев қорытындылап, сыбайлас жемқорлық туралы заңнама нормаларын сақтау қажеттілігіне тоқтады.

Жиналыс барысында семинарға қатысушылар өзара пікір алмасты.