
Ағымдағы жылдың ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес, 7-10 маусым аралығында «Амангелді Газ» ЖШС-на тексеру жүргізілді. Тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 16 тармақтары (оның ішінде: 4 өрескел және 12 елеулі тәуекел дәрежесі) бойынша бұзушылықтар анықталды. Осы анықталған бұзушылықтарды жою үшін кәсіпорын басшысына тексеру актісі мен ұйғарымдама берілді.
Бұзушылықтарға жол берілгені үшін «Амангелді Газ» ЖШС Шу-Сарысулық өндірістік филиалының инженер технологы және технологиялық қондырғыларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша шебері қызметін атқаратын жеке тұлғаларына қысқартылған түрде 14 585 теңгеден көлемдеінде айыппұл салынды. Айыппұлдар белгіленген мерзімде төленді.