«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС - нің қауіпті өндірістік объектілеріндегі тексеру

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС - нің қауіпті өндірістік объектілеріндегі тексеру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 09.12.2020 жылғы №76 бұйрығымен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес 11-31 мамыры аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС - нің қауіпті өндірістік объектілерінде тексеру жүргізілді.

Департаменттің мемлекеттік инспекторлары COVID-19 коронавирустық инфекциясына жол бермеу бойынша барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, тексеру басында кәсіпорынның басшылығымен және цех бастықтары құрамымен кеңес өткізді. Аталған кеңесте «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген соңғы толықтырулар мен өзгерістерге қатысты түсініктемелер берілді. Кейін, әртүрлі қауіпті өндірістік объектілер бойынша бірнеше тексеруші топтарға бөлінетін маршрут жасақталды.

Осылайша, тексеру барысында мемлекеттік инспекторлар мынадай қауіпті өндірістік объектілерді тексерді: газ өндіру ұңғымалары, газ өңдеу цехтары, компрессорлық цехы, автогазовоз толтыру станциясы, химиялық зертхана, тауар шикізат цехі, жөндеу цехы және т. б.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ережелер мен нормалардың 12 бұзылуы анықталды. Олардың ішінде келесі бұзушылықтар өрескел болды:

 - Тексеру кезінде алау желісіндегі құбырдың оқшаулауы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеді;

 - Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бекітілген және келісілген жобалау  құжаттамасы ұсынылмады;

   -  Жөндеу цехының жұмыстарын жүргізу орындарында, атап айтқанда, жүк көтергіш механизмдер орнатылған жерінде, кранмен тасымалданатын негізгі жүктердің, олардың массасы көрсетілген тізімі ілінбеген және т. б.

Сонымен қатар, тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік инспекторларының қатысуымен  тауар шикізат цехінің апатты жою жоспарына сәйкес, «АГҚС №5 толтыру колонкасынан пропан өткізу кейіннен жануы» тақырыбы бойынша оқу-жаттығу сабағы өткізілді.

Тексеру аяқталғаннан кейін, жіберілген бұзушылықтар үшін «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС басшылығына тексеру нәтижелері туралы акті, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама және ҚР ӘҚБтК 298 – бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғау туралы хаттама берілді және қысқартылған өндіріс тәртібімен 145 850 теңге (50 АЕК) сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-не ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 4-тармағында көзделген құқықтары түсіндірілді, оларды бақылау және қадағалау субъектісі қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындардың қажеттілігіне байланысты Департаментке нұсқаманың кейбір тармақтарын жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініш бере алатындығы айтылды.