
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2021 жылдың 12 мамыр мен 1 маусым аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулердің бірінші жартыжылдық кестесіне сәйкес Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахташылар қалашығында орналасқан "Хемимонтаж - Атырау" ЖШС-ң қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
«Хемимонтаж – Атырау» ЖШС бұл компания Теңіз, КТК және Қашағандағы компаниялармен мердігерлік бойынша танымал. Бірақ ең үлкен жұмыс көлемі – Теңіз кен орнында, бас кеңсесі Атырау қаласында орналасқан. Компания таратушы инженерлік құрылыстар, коммуналдық жүйелер құрылысы саласында жұмыс істейді. Компания 2000 жылы 29 қарашада құрылды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 4 (соның ішінде 2-і өрескел бұзушылық) бұзушылығы анықталды.
Жіберілген бұзушылықтар үшін «Хемимонтаж – Атырау» ЖШС-не ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша электрондық протокол толтырылып қысқартылған өндіріс тәртібінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдана отырып, заңдылықты бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. Хаттама арнайы бағдарлама бар планшеттің көмегімен интернет арқылы жасалды. Департаменттің әрбір мемлекеттік инспекторы бағдарламаға кіру үшін өзінің жеке паролі арқылы ӘҚБТ-ға онлайн қосылады (Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі).
«Хемимонтаж – Атырау» ЖШС-не ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 4-тармағында көзделген құқықтар түсіндірілді, оларды бақылау және қадағалау субъектісі қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындардың қажеттілігіне байланысты нұсқаманың кейбір тармақтарын жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініш бере отырып пайдаланды.