
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 09.12.2020 жылғы №76 бұйрығымен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес 11-31 мамыры аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша «Қарақұдықмұнай» ЖШС - нің қауіпті өндірістік объектілерінде тексеру жүргізілді.
«Қарақұдықмұнай» ЖШС - нің қызметі-шикі мұнай мен ілеспе газды өндіру болып табылады. Кәсіпорын 1998 жылдан бастап, Бозашы түбегінің солтүстік-шығысындағы, облыс орталығы Ақтау қаласынан 360 км қашықтықта орналасқан «Қарақұдық» кен орнын игеруде.
Департаменттің мемлекеттік инспекторлары COVID-19 коронавирустық инфекциясына жол бермеу бойынша барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, тексеру басында кәсіпорынның басшылығымен және инженерлік-техникалық құрамымен кеңес өткізді. Аталған кеңесте «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген соңғы толықтырулар мен өзгерістерге қатысты түсініктемелер берілді. Кейін, әртүрлі қауіпті өндірістік объектілер бойынша бірнеше тексеруші топтарға бөлінетін маршрут жасақталды.
Осылайша, тексеру барысында мемлекеттік инспекторлар мынадай қауіпті өндірістік объектілерді тексерді: мұнай-газ өндіру ұңғымалары, топтық өлшеу қондырғылары, мұнай дайындау қондырғысының цехы, сығымдау сорғы станциясы, мұнай құю эстакадасы, химиялық зертхана, автожанармай құю станциясы және т. б.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ережелер мен нормалардың 12 бұзылуы анықталды. Олардың ішінде келесі бұзушылықтар өрескел болды:
- жабдықтар мен айдау ұңғымаларының құбырлары коррозиядан қорғаумен қамтамасыз етілмеген, атап айтқанда, қабаттарға сарқынды суларды және коррозиялық-агрессивті агенттерді айдау кезінде технологиялық жабдықты (құбырларды, ұңғымалардың шегендеу бағаналарын) қорғау үшін коррозия ингибиторлары қолданылмайды;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бекітілген және келісілген жобалау құжаттамасы ұсынылмады;
- айналудың барлық ұзындығы бойынша мұнайды дайындау қондырғысы мен мұнай құю эстакадасы цехының сорғы объектілері сорғыларының жетектері қаптамалармен жабылмаған;
- желдеткіш қондырғылардың техникалық жай-күйі мен жұмыс тиімділігін бақылау жүзеге асырылмайды, атап айтқанда, сорғы тіреуіш сорғылардағы (ППД) желдеткіштің бірі тексеру кезінде жұмыс істемейтін күйде болған және т. б.
Тексеру аяқталғаннан кейін, жіберілген бұзушылықтар үшін «Қарақұдықмұнай» ЖШС басшылығына тексеру нәтижелері туралы акті, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама және ҚР ӘҚБтК 298 – бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғау туралы хаттама берілді және қысқартылған өндіріс тәртібімен 145 850 теңге (50 АЕК) сомасына әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, «Қарақұдықмұнай» ЖШС-не ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 4-тармағында көзделген құқықтары түсіндірілді, оларды бақылау және қадағалау субъектісі қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындардың қажеттілігіне байланысты Департаментке нұсқаманың кейбір тармақтарын жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініш бере алатындығы айтылды.