«ТрансОйлТерминал» ЖШС-не қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

«ТрансОйлТерминал» ЖШС-не қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мұнай-химия және мұнай-газ өңдеу өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары 2021 жылдың 12 мамыры мен 1 маусым аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулердің жартыжылдық кестесіне сәйкес «ТрансОйлТерминал» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеріс жүргізді.

«Транс Ойл Терминал» ЖШС (мұнай құю терминалы - МҚТ және қабылдау - тапсыру пункті - ҚТП) Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданының аумағына жатады.

Бұл объектіден ең жақын елді мекен Жамансор станциясы, 17 км. Мақат кенті тораптық темір жол станциясымен кен орнынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км. жерде орналасқан. Қызылқоға ауданының орталығы Миялы кенті солтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде орналасқан. Облыс орталығы Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 152 км-дей жерде.

Кәсіпорын жақын маңдағы бірнеше кен орындарынан жеткізілетін мұнайды сақтау және ауыстырып тиеумен айналысады. Мұнайды қабылдау құбыр арқылы және автоцистерналардан жүзеге асырылады. Ауыстырып тиеу темір жол арқылы және «МұнайТас СБТК» АҚ тиесілі магистральдық мұнай құбырына жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Жамансор мұнай құю терминалында автоцистерналардан келетін мұнайды қабылдау, дайындау және сақтау жүзеге асырылуда. Мұнайды жіберу темір жол арқылы жүзеге асырылады. Мұнайды жинау, дайындау және тапсыру пунктінде мұнайды қабылдау, сақтау, есепке алу және "Кеңқияқ-Атырау" магистральдық құбырына айдау ("Мұнайтас СБТК"АҚ)  жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптары сақталмаған.

Тексеру қорытындысы бойынша «ТрансОйлТерминал» ЖШС-не ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 152-бабының 4-тармағында көзделген құқықтарды түсіндіре отырып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 810-бабына және 811-бабына сәйкес жол берілген бұзушылықтар үшін бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған, ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының            1-бөлігінің санкциясында көрсетілген елу пайыз мөлшерінде айыппұл төлеуге келіскен және ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамаған, белгіленген үлгідегі хаттама мен түбіртекті табыс ете отырып, қысқартылған іс жүргізудің құқықтары мен негіздері түсіндірілді.