ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында Департамент қызметкерлері ағымдағы жылдың 12 мамыр мен 1 маусым аралығында 2021 жылға арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ерекше тәртіп бойынша жартыжылдық тексеру кестесіне сәйкес «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына мемлекеттік инспекциялау жүргізді.

«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК» ЖШС Атырау облысының мұнай-газ кен орындарының перспективасы бар горизонттарында тік, көлденең (көлбеу-бағытталған) пайдалану және іздестіру-барлау ұңғымаларын бұрғылауды жүзеге асырады, сондай-ақ бұрғылау ерітінділері, цементтеу, кернді іріктеу, ұңғымаларды аяқтау бойынша сервистік жұмыстар жүргізеді.

«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК» ЖШС бұрғылау қондырғылары паркі SL-2500, VR-500, ZJ-40, ZJ-30, ZJ-20, МБУ-125, ZJ-15 модельдері мен модификациялары әртүрлі отандық және шетелдік стационарлық/мобильді бұрғылау қондырғыларынан тұрады.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар ҚР Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын, оның ішінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидаларын, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтарды анықтады.

«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК» ЖШС-не қатысты жол берілген бұзушылықтар мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарынан ауытқулары үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 298-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік өндірісті қозғай отырып, заңдылық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және әкімшілік жаза салынды.