Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 12 мамыр мен 1 маусым аралығындағы кезеңде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ерекше тәртіп бойынша жартыжылдық тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес "Ембімұнайгаз"АҚ қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

"Ембімұнайгаз" АҚ - геологиялық барлауды, мұнай-газ кен орындарын игеруді, мұнай мен газды өндіру мен дайындауды жүзеге асыратын қазақстандық мұнай компаниясы. Қоғам Атырау облысының аумағында 32 кен орнын игеруде, олардың басым бөлігі игерудің соңғы сатысына енді.

"Ембімұнайгаз" АҚ құрамына Атырау қаласында және Атырау облысының 4 ауданында 6 өндірістік құрылымдық бөлімше кіреді: "Жайықмұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасы (МГӨБ), "Доссормұнайгаз" МГӨБ, "Қайнармұнайгаз" МГӨБ, "Жылыоймұнайгаз" МГӨБ, "Ембімұнайэнерго" және "өндірістік-техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жинақтау басқармасы".   

Компания өндірілетін мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа жеткізеді. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттарына жеткізіледі. Мұнай экспортқа екі негізгі бағыт бойынша жеткізіледі: Каспий Құбыр Консорциумы және Өзен-Атырау-Самара құбырлары арқылы. Тауарлық газды өткізу газ және газбен жабдықтау саласындағы ҚР Ұлттық операторы - "ҚазТрансГаз"АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Тексеру барысында мемлекеттік инспекторлар мынадай объектілерді тексерді: ұңғымалар, топтық өлшеу қондырғылары, кәсіпшілік және технологиялық құбырлар, мұнай мен газды дайындау қондырғылары, сорғы станциялары, мұнай сақтауға арналған резервуарлар, химиялық зертхана және т. б.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қағидалардың тармақтарының және газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі бойынша талаптарының 90 бұзушылықтарын анықтады.

Бұзушылықтарға жол берілгені үшін "Ембімұнайгаз" АҚ ҚР ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі және 306-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғай отырып, заңдылық бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді және қысқартылған өндіріс тәртібінде айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.

Аталған алдын алу іс-шараларының мақсаты өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды талдау және әзірлеу, сондай-ақ объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға қауіпті өндірістік факторлардың зақымдаушы әсерінің алдын алу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру болып табылады.