
ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімімен (Сәтбаев қ.), 2021 жылдың бірінші жарты жылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізудің бекітілген кестесі негізінде, 2021ж. 30.04 бастап 2021ж. 25.05 аралығындағы кезеңде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Шығыс Жезқазған кенішінің объектілерінде ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында ғимараттар мен құрылыстардың жағдайына, өздігінен жүретін дизель жабдықтарының техникалық жай-күйіне, тау-кен қазу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуына ерекше назар аударылды.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Шығыс – Жезқазған кенішінің басшылығына 2021ж. 25.05. №25-23-11-11/34 «Қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу не оны тоқтата тұру туралы акт», 2021ж. 25.05. №25-23-11-11/33 «Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама» және 2021ж. 25.05. №25-23-11-11/32 «Тексеру нәтижелері туралы акт», 894 – бұзушылықтар жоюға берілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімінің (Сәтбаев қ.) бас маманы: С.А. Сағидуллаевпен ӘҚБҚ 297б. 1 бөліміне сәйкес 100 АЕК 291700 теңге және ӘҚБҚ 298б. 1 бөліміне сәйкес 100 АЕК 291700 теңге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.