Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторлары тексерудің жартыжылдық кестесіне сәйкес 2021 жылғы 6-25 мамыр аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша «Ком-Мұнай» ЖШС - нің қауіпті өндірістік объектілерінде тексеру жүргізді.

«Ком-Мұнай» ЖШС-не  қарасты Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Қызан ауылының жанында орналасқан «Комсомол» мұнай-газ кен орны бар (облыс орталығы Ақтау қаласынан «Ком-Мұнай» кен орнына дейінгі қашықтық - 380 км).

Тексеру барысында мемлекеттік инспекторлар келесі нысандарды тексерді: ұңғымаларды, топтық өлшеу қондырғысын, мұнай дайындау қондырғысын, мұнай сақтауға арналған резервуарларды, химиялық зертхананы.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жүргізген тексеру нәтижелері бойынша 11 бұзушылығы анықталды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін «Ком-Мұнай» ЖШС - не ҚР ӘҚБтК 298-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғай отырып, заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және қысқартылған өндіріс тәртібімен әкімшілік айыппұл салынды.